{metadescription}
Ақтауда көлік жуу орталықтарының жұмысына тағы да шектеу қойылды

Ақтауда көлік жуу орталықтарының жұмысына тағы да шектеу қойылды

Ақтауда тұрғындарды ауыз сумен қамту үшін 9 шілдеден бастап автокөлік жуу орталықтарының жұмысы мен жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылды, деп жазады kazinform.

«Ақтау қаласында ауа және теңіз температурасының жоғарылауына, сондай-ақ ауыз суды тұтыну көлемінің өсуіне байланысты, орталық сумен жабдықтау тораптарындағы (ОСЖТ) ауыз су деңгейін тұрақтандыру қажет. Осы мақсатта қала аумағындағы барлық көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады. Қала әкімдігі „МАЭК“ ЖШС 08.07.2024 жылғы № 21 хатына сәйкес, „Каспий жылу, су арнасы“ МКК-ға көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қою жөнінде хат жолдады, — деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Осыған байланысты қала әкімдігі мен «МАЭК» ЖШС көлік жуу орталығының иелерінен түсіністік танытуды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде