{metadescription}

Алматыда жарты жылда 300 келіге жуық есірткі тәркіленді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы туралы брифинг өтті.

Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Көбеев 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы қала аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтты, деп жазады kazinform.

Биыл 6 айда қала аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 319 құқық бұзушылық анықталған. Жалпы жыл басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 147 қылмыстық іс жүргізіліп, сотқа жолданған. Сондай-ақ 268 кг 127,63 гр есірткі тәркіленген, оның ішінде:

- 26 гр – героин

- 165 кг 412 гр - марихуана

- 73 кг 018 гр - гашиш

- 27 кг 996 гр - синтетика

- 1 кг 673 гр - басқа препараттар.

«Осы жылдың 6 айында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері аудандық бөлімшелердің қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында есірткі құралдарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 4185 граффити суреттері табылды және бояу арқылы жойылды», - деді Дәурен Көбеев.

Сонымен қатар полиция подполковнигі ҚР ҚК 299-1 бабы насихат фактілері бойынша 5 қылмыстық іс тіркелгенін және есірткіні жарнамалаумен айналысатын 337 интернет-сайт бұғаттау үшін «Кибернадзорға» жіберілгенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде