{metadescription}
Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

16 шілдені күні Медеу және Бостандық аудандарының кей аумақтарында суық су болмайды. «Алматы Су» баспасөз қызметі мегаполистің сумен жабдықтау желілерінде профилактикалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлады, деп жазады kazinform.

Мекеме 16 шілде сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін қаланың кейбір ауданында суық сумен жабдықтау шектелетінін ескертеді.

Сумен жабдықтау шектелетін аумақтар:

- Медеу ауданы: Достық даңғылы - Қажы Мұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі, Самал шағын ауданы-1,2,3.

- Бостандық ауданы: Әл-Фараби даңғылы – Батыс Желтоқсан көшесі - Ганди көшесі – Назарбаев даңғылы.

- Жұмыстан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Су құбыры желілері толық шайылып кеткенге дейін кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналар мен өзге де құрылғыларды пайдаланбаған жөн, - деп хабарлайды «Алматы Су» МКК.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.