{metadescription}
Қабанбай батыр даңғылы бес күнге жабылды

Қабанбай батыр даңғылы бес күнге жабылды

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылының «Жұлдыз» айналымынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 10-15 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. 

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» дейді әкімдіктен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде