Қор нарығында доллар арзандады
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
15:49 10.07.2024
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 478,48 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 480,77 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477,9 теңге, сатып алу – 480,1 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 477 теңгеден болса, сатып алу – 482 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,37 – 5,47 теңге аралығында саудалануда.
Астанада көрші ел валютасы 5,33 – 5,53 теңгеден сатылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!