{metadescription}
Мыңға жуық адам тіркелген «резеңке» пәтердің иесі сотталды

Мыңға жуық адам тіркелген «резеңке» пәтердің иесі сотталды

Елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады, деп жазады kazinform.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Мемлекеттік айыптаушы — прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 — бабының 1 — бөлігі бойынша сотталды», — деп жазды бақылаушы органнан.

Үкім заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде