Ақтауда автобус жүргізушісіне шабуыл жасалды - оқиғаның бейнежазбасы тарады
Оқиға 7-шілде күні №2-қоғамдық көлікте болған. Кондуктор автобус жүргізушісіне бара жатқан жолаушыны ұстауға тырысқанымен, ол оған күш бермей жүргізушінің бетінен ұрған. Қоғамдық көліктің жүргізушісі еш себепсіз таяқ жеп, медициналық көмекке жүгінді.
Фото: Видеодан алынған кадр
13:48 10.07.2024
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиғаға қатысты «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізілуде. Күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені қабылданды. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!