{metadescription}

Жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен

Биыл 102 бала ашық терезелерден құлап зардап шекті. 

Бұл жайында Төтенше жағдай министрлігінен хабарланды. 

Қазақстанда жыл сайын күн жылына бастағанда, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың терезеден құлауы жиілеп, жазатайым оқиғалар көбейеді. 

Мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалады немесе көз жұматынын атап өткен жөн.

Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабар түсті.

Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Өткен жылы осындай 170 оқиға тіркелген. 

Қазақстан ТЖМ қауіпсіздік ережелерін еске салады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде