СҚО-да екі жасөспірім суға кетті
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында екі жасөспірімнің денесі өзен арнасынан табылды.
19:47 10.07.2024
Оқиға бүгін Бескөл ауылының маңында, Есіл өзенінің арнасында болған. 2009 және 2012 жылы туған екі баланы іздеуге облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы, 3 техника және ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 14.40 минут кеткенде жасөспірімдердің денесі табылып, судан шығарылды.
Екі баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!