{metadescription}
Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті темекінің барлық түрі қымбаттайтынын еске салды.

«2024 жылғы 15 шілдеден бастап „Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы“ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгеріс енгізіледі», — деп жазады комитеттің ресми сайты.

Бұйрық бойынша, бөлшек саудада темекі өнімдері үшін мынандай ең төменгі бағалар қолданылады:

фильтрлі, фильтрсіз сигареттің 20 данасына (бір қорабына), папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

  • 2024 жылғы 15 шілдеден 31 желтоқсанға дейін — 820 теңге;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 870 теңге.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде