{metadescription}
Рудный шахтасында кенші қаза тапты

Рудный шахтасында кенші қаза тапты

Жазатайым оқиға Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің Соколов шахтасында болған. 280 метр тереңде жұмыс істеп жатқан шахтер қаза тапты.

Ақпаратты комбинаттың баспасөз қызметі растады.

«Өндірісте құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін 280 метр тереңдікте тау-кен массасының бір бөлігі опырылып, жұмысшының үстіне құлап басып қалған. Салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып қаза тапты. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген ресми хабарламада. 

Кәсіпорын ұжымы көңіл айтып, сондай-ақ марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде