{metadescription}
Суға түсу қауіпсіздігін бұзғандарға 62 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Суға түсу қауіпсіздігін бұзғандарға 62 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Елімізде судағы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 7 есе артқан.

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов мәлім етті. 

«Ішкі істер және Көлік министрліктерімен бірлесіп су айдындарында қауіпсіздікті қамту және өлімнің алдын алу мақсатында 39 853 рейд пен патрульдеу жүргізілді. Заң бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны» 364-ші, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамағаны» 412-ші және «Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны» үшін 440-ші баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жыл басынан бері заң бұзушыларға жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден асатын сомадағы айыппұлға 9 мыңға жуық хаттама толтырылды», - деді Ақылбек Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша «Судағы қауіпсіздікті сақтамағандары үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 7 есе ұлғайған.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде