{metadescription}
Атырауда қарақұрт шаққан 13 адам ауруханаға түскен

Атырауда қарақұрт шаққан 13 адам ауруханаға түскен

Атырау облысында қарақұрт шаққан 13 адам ауруханаға түскен. Оның ішінде 3 бала бар. 

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыстық ауруханаға түскен 13 адамды қарақұрт шаққаны анықталған.

«Науқастардың 4-еуі аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, толықтай ем-дом шарасын алды. Ал, 9 адамға қарақұртқа қарсы екпе салынып, амбулаториялық ем алуға жіберілді. Облыстық балалар ауруханасына 3 бала түсті. Оның ішінде 2 бала жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында болды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір балалар үйіне шығарылды. Бір балаға қарақұртқа қарсы екпе салынған.

«Аудан орталықтарында қарақұрт шаққан үш жағдай тіркелді. Оның біреуі Индер, екіншісі Исатай, ал, үшінші дерек Қызылқоға ауданында тіркелді. Дәрігерлерге жүгінген пациенттерге алғашқы амбулаториялық көрсетілді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде