{metadescription}
Ақтөбеде алаяққа сенген тұрғын 19 млн теңгесінен айырылды

Ақтөбеде алаяққа сенген тұрғын 19 млн теңгесінен айырылды

Алаяққа сенген Ақтөбе тұрғыны 19 млн теңгесінен айырылып қалды. 

Polisia.kz сайтының мәліметінше, шілде айында Ақтөбе қаласындағы мекемелердің бірінің басшысы телефон-алаяқтарының арбауына түсіп, 19 миллион теңгеге қарызға кірген.

Ақтөбелік әйелдің телефонына белгісіз адамдар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық банктің және полиция департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушылар жәбірленушіге оның атына алаяқтар түрлі банктерден 10 онлайн-несие рәсімделгенін және олардың күшін жою үшін өз атына бірнеше несие рәсімдеу қажеттігін айтқан.

Әйел қоңырау шалушылардың барлық шартын орындап, қаладағы 3 банктен өз атына 14 миллион теңгеге жуық сомаға несие рәсімдеген. Сонымен қатар жақын туыстарынан 5 жарым миллион теңге қарыз алған. Әрі қарай жалпы сомасы 19 миллион теңгеден асатын ақшаны алаяқтар көрсеткен банктік шоттарға аударған. Екі күннен кейін ғана алаяқтарға алданып, қарызға батқанын түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. 

«Құзырлы мекеме қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы қоңырау шалмайтынын, жеке деректеріңізді және телефонға ешқандай қосымша бағдарламалар жүктеуді сұрамайтынын және өз аттарыңызға несие рәсімдеп, аударып жіберуді талап етпейтінін азаматтардың тағы да есіне саламыз», - деді Ақтөбе облысы ПД киберпол бөлімінің басшысы Галина Стырличук. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде