{metadescription}
Қазақстанда алюминий экспорты 5 есеге жуық өсті

Қазақстанда алюминий экспорты 5 есеге жуық өсті

2024 жылдың төрт айында алюминий экспортының көлемі заттай көріністе 4,7 есе (16-дан 75,4 мың тоннаға дейін) ұлғайды. Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен хабарланды

Өнімге сұраныс Әзербайжан тарапынан сегіз есе (5,5-тен 43,1 мың тоннаға дейін), Өзбекстан тарапынан — 10,5 есе (0,2-ден 2,1 мың тоннаға дейін) ұлғайды.

Сондай-ақ Беларусь, Болгария, Италия, Польша сияқты елдерге жеткізу географиясын кеңейтіп, сол арқылы осындай көрсеткішке қол жетті.

Қазақстандағы алюминийдің жалғыз отандық өндірушісі — «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ (Павлодар).

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде