{metadescription}
Әлеуметтік маңызды азық-түліктің баға индексі 0,8% төмендеді

Әлеуметтік маңызды азық-түліктің баға индексі 0,8% төмендеді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, ал жылдық мәнде 0,8% төмендеді, деп хабарлады ұлттық статбюро. 

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 9 шілде/:

  • Сүт 2,5% — 397 тг/л
  • Рожки — 319 тг/кг
  • Сәбіз — 197 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 тауар кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады. 

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.