{metadescription}
Алматыдағы ең ірі көшелердің бірі ішінара жабылады

Алматыдағы ең ірі көшелердің бірі ішінара жабылады

Алматы қаласындағы ірі көшенің бірі - Қ. Сәтбаев көшесі ішінара жабылады.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сәтбаев көшесінің бойында көлік қозғалысы жабылады.

«13 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 16:00-ге дейін Сәтбаев көшесінің бойымен Сейфуллин даңғылынан Масаншы көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады. Масаншы көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі», - делінген хабарламада. 

Масаншы көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі аумақта - батыс бағытта қозғалыс ашық болады.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Фото: Алматы әкімдігі

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.