{metadescription}
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. 

Тек республиканың шығысында антициклон екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең еліміздің солтүстігі мен шығысында тұман түседі деп күтілуде.

Күндіз Алматы облысында және Жетісу облысында қатты ыстық болады. Сондай-ақ Қарағанды ​​облысының оңтүстігі мен Абай облысында да қатты ыстық күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облыстарының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбылдың батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, орталығында, шығысында, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде