Павлодарда монша кешені отқа оранды
Жалын қоғамдық моншаның 40 шаршы метрін жайпап өткен.
Фото: видеодан кадр
08:21 14.07.2024
Өрттен зардап шеккендер жоқ. Облыс орталығында екі қабатты монша кешені өртенді. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
«13 шілде күні сағат 17.09-да өрт туралы хабар түсті. Елгин көшесінде жеке меншік аумақта екі қабатты монша өртенген. Оқиға орнына 24 қызметкер мен 6 өрт сөндіру қызметінің техникасы, жедел құтқару жасағы және медициналық апаттар орталығы қызметкерлері барды. Өрт сағат 17.25-те сөндірілді», -деп мәлімдеді департаменттен.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ, деп жазады kazinform. Шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!