{metadescription}
Астанада тағы бір көше жабылды

Астанада тағы бір көше жабылды

Астана әкімдігі жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылатынын ескертті. 

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Келешек тұйық көшесінің Нұрғиса Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 15 шілде сағат 07:00–ден 16 шілде сағат 07:00–ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы іргелес көшелермен жүзеге асады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп ескертеді әкімдіктен.   

Фото: Астана әкімдігі 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде