{metadescription}

Қырғызстанда сел кезінде жоғалған баланың денесі табылды

Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған Н.С.-ның денесі табылды. 

Баланың денесі «Достук» бақылау-өткізу бекетінде қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.  

Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде төрт адам ұшты-күйлі жоғалып кетті. 14 шілдеде Ошта төтенше жағдай режимі енгізілді.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде