{metadescription}
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы бес тәулікке қамауға алынды

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы бес тәулікке қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі мен балаларын үйінен аяусыз қуып жатқаны туралы бейнежазба тараған болатын. Көп ұзамай бұл іс сотта қаралды.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушыға қатысты іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, Әйтенов отбасылық жанжал кезінде өзінің бұрынғы әйеліне ар-намысы мен намысын қорлайтын сөздер айтқан. Басқа адамдардың да тыныштығын бұзған. Бірақ ол сот отырысында өз кінәсін мойындамады.

«Ол бұрынғы әйелі балалардан бас тартқанын айтқаннан кейін балаларды алып кетуге келген. Анасы балаларын жібермегендіктен, күшпен тартып алуға тырысқан. Бірақ әдепсіз сөздер айтпағанын және ұрмағанын алға тартып отыр», - делінген сот хабарламасында.

Ал жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны үйден шығару кезінде заңсыз әрекет жасап, денесіне зақым келтірген.

«ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінің санкциясы жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ қоғамға теріс әсер ететін іс-әрекеттің көлемі мен сипатын ескере отырып, ескерту немесе 5 тәулікке әкімшілік қамауға алуды қарастырады. Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол 5 тәулікке қамауға алынды», - делінген Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.