Ақмола облысында жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікті мыжып өтті
Ақмола облысында жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам жарақат алды.
Фото: Ақмола облысы ПД
16:32 15.07.2024
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шілденің 13-де «Астана-Петропавл» тас жолының бойында болған.
«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Foton» және «Nissan» көлік құралдарының соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы жарақат алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді ведомстводан.
Осы ретте, тәріп сақшылары автокөлік жүргізушілерін жолдарда өте мұқият болуға және жол жиегінде тұрған кез келген көлік құралы қауіптің ықтимал көзі болып табылатынын ұмытпауға шақырады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!