{metadescription}
Қазақстанға 7 жылдан асқан көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанға 7 жылдан асқан көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 7 жылдан асқан автомобильдерді әкелуге тыйым салуды ұсынғалы отыр. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев Утилсбордың күшін жою жөніндегі петицияның қоғамдық талқылауында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2020-2021 жылдары елге ЕАЭО елдерінен көлік құралдары әкеліне бастаған. Оларды заңдастыру бойынша бір реттік акция өткізілді, оның қорытындысы бойынша 2023 жылы 330 мыңнан астам автокөлік тіркелді. Олардың орташа мерзімі 17 жылды құраған.

«Бұл көлік құралдарының көпшілігі қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламент талаптарына, экологиялық санатқа сай келмейді. Халықтың кем дегенде 80%-ында көлік жоқ екенін және олардың қалыпты ортада өмір сүруге және таза ауамен дем алуға құқығы бар екенін атап өткім келеді», - деді Әділбек Бектібаев.

Ол Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кез келген жағдайда нормативті-құқықтық актілерге азаматтарға жеке пайдаланбайтын көлік құралдарын әкелуге мүмкіндік бермейтін өзгерістер енгізетінін жеткізді. Себебі, азаматтар көбінесе осы норма бойынша цемент таситын көліктер мен ірі жүк көліктерін әкелумен айналысады.

«Жұмыс тобының мүшелерінен елге 7 жылдан асқан көлік әкелуді шектеу туралы ұсыныс болды. Біз мұны қуанышпен атқарамыз және тиісінше техрегламентке осындай өзгерістер енгізу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына материалдар енгізуге тырысамыз. Егер барлық бес ел бізді бірауыздан қолдайтын болса, онда тұтастай алғанда Одақ аумағына мұндай автомобильдер әкелінбейді. Бұл бөлімде біз жұмыс істеу міндетін мойнымызға аламыз», - деді Әділбек Бектібаев.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.