{metadescription}
Баянауылда тауға шығып, түсе алмай қалған азаматтар құтқарылды

Баянауылда тауға шығып, түсе алмай қалған азаматтар құтқарылды

Өткен демалыс күндері Баянауылдағы демалыс аймағында құтқарушылар 50 жастағы жігіт ағасын және 1997 жылғы ер азамат пен 2000 жылғы қызды таудан түсіріп алды. Олар биік тауға өздігінен өрмелеп, төменге түсе алмай қалған. 

Баянауылдық құтқарушылар 3 туристке таудан түсуге көмектесті.

«1997 жылғы жігіт пен 2000 жылғы қыз бала тауға көтеріліп, қараңғыға қалып қойған. Оқиға орнына дереу 5 құтқарушы жіберіліп, 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен демалушылар төменге түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Ал оның алдында 1,5 сағат бұрын «Ақбет» тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50 жастағы ер адамға таудан түсуге көмектесті», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде