{metadescription}
Биыл мас күйде көлік айдау салдарынан 26 адам қаза тапты

Биыл мас күйде көлік айдау салдарынан 26 адам қаза тапты

Жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеу салдарынан 178 жол апаты болып, 26 адам қаза тапқан. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жарты жылдық жұмыс есебінің қорытындысын баяндады. 

Ішкі істер министрлігі «Қорғау» бағдарламасын әзірлеген болатын. Ол полицияға жолда өрескел заң бұзатын жүргізушілерді анықтауға және олармен алдын алу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай бағдарлама барлық 20 аймақта қолданылады.

«Биыл «Қорғаудың» көмегімен 339 мыңнан астам көлік құралы тексеріліп, 20 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 9 мыңға жуық автокөлік айыппұл тұрағына қамалды. Жалған нөмірлі 173 көлік анықталды», - деді Шыңғыс Әлекешев.

Сонымен бірге, полиция жүргізушілер тәртібін нығайту бойынша да шаралар қабылдаған.

«Соңғы 6 айда 12 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталып, жүргізу құқығынан айырылды. Жыл басынан бері дәл осы мас күйде көлік тізгіндеудің салдарынан 178 жол-көлік оқиғасы орын алып, 26 адам қаза тапты», - деді ресми өкіл.

Дереккөз: Kazinform    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.