Шымкентте санитарлық шектеулер енгізіледі
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі екі ауданда санитарлық шектеулер енгізуде. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform
21:00 15.07.2024
Шектеулер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсыныстары негізінде енгізіледі.
1) Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжайы Т. Құрасбек көшесі №3 үйдің мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Т.Құрасбек көшесінің бойына;
2) Шымкент қаласы Абай ауданы Тельман бөлімшесі Бабыр көшесі № 106А үйдің ұсақ малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Бабыр көшесінің бойына белгіленеді.
Әзірлеушілер Шымкенттегі эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру үшін санитарлық шектеулер енгізілетінін айтуда.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!