Үлкен Алматы шыңынан жасөспірім құтқарылды
Алматы облысының тауларында 2600 метр биіктікке шығып, өз бетінше түсе алмай қалған жасөспірім құтқарылды, деп жазады kazinform.
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform
08:05 16.07.2024
"Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Талғар ауданындағы биіктігі 2 600 м «Үлкен Алматы шыңы» тауында 16 жастағы жасөспірімді құтқарып, төменге түсірді. Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған" делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Жас туристке медициналық көмек қажет болмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!