{metadescription}
Искандер Айсариев Қазақстанның Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болды

Искандер Айсариев Қазақстанның Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болды

Искандер Айсариев Қазақстанның Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген құжатта.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Искандер Жүсіпұлы Айсариев 1976 жылғы 28 наурызда Алматы қаласында туған. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2002 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін бітірді.

Өзінің дипломатиялық қызметін 1999 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппараты мен шетелдегі мекемелердің қызметін қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2001 жылы ҚР СІМ Кадрлар және бақылау департаментінің атташесі лауазымында болып, кейін ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметіне ауысты.

2002-2004 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері жөніндегі комитеті Орталық Азия және Закавказье бөлімінің атташесі, үшінші және екінші хатшысы лауазымдарында қызмет етті.

2004-2005 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы болып жұмыс істеді, ал 2005-2009 жылдар аралығында Түрікменстандағы ҚР Елшілігінде үшінші және екінші хатшысы қызметін атқарды.

2009-2011 жылдар аралығында ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің кеңесшісі, кейін басқарма басшысы болған, 2011-2013 жылдары – Украинадағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі.

2013-2015 жылдар аралығында ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің басқарма басшысы қызметін атқарды.

2015 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, одан кейін 2019 жылы Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Қазақстанның Албаниядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023 жылдың сәуір айынан бастап ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын тілін меңгерген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде