{metadescription}
Алдағы күндері ауа райы қандай болады — синоптиктер болжамы

Алдағы күндері ауа райы қандай болады — синоптиктер болжамы

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын хабарлады. Сонымен қатар көп аймақта жаңбыр жауады. 

16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр. 

Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болады деп күтілуде. 

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін төмендейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде