Автомобильдерге газ баллоны жабдығын орнатуда заң бұзу көбейген
Елімізде автомобильдерге газ баллоны жабдығын орнатуға қатысты жауапкершілік күшейтілмек, деп жазады kazinform.
Фото: Kazinform
12:44 16.07.2024
Бұл мәселені Премьер-Министр Олжас Бектенов көтерді.
«Газбен жүретін автомобиль санының жыл сайын өсіп келе жатқанын ескере отырып, газ-баллонды жабдықты орнату кезінде заңнаманы бұзу фактілерінің саны да артып келеді. Мұндай жағдайлар азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан Ішкі істер министрлігі және Энергетика министрліктеріне көлікті қайта жабдықтау және техпаспортта тиісті белгінің болмауына байланысты кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Энергетика министрлігі сығымдалған газ өндірісін ынталандыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.
«Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар газ саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарының іс-шараларын сапалы және уақытылы іске асыруды жалғастырсын», - дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!