Шымкентте конго-қырым геморрагиялық қызбасынан 1 адам қайтыс болды
Шымкентте үш адам конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған, деп жазады kazinform.
Фото: Mukhtor Kholdorbekov/ Kazinform
14:56 16.07.2024
Оның біреуі көз жұмды. Кене шаққан тағы бір адамның қанына қажетті талдау жүргізіліп жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, кене шаққан 3 адам ауруханаға жатқызылған. Екеуі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып, үйіне шығарылған. Ал үшінші науқас Түркістан облысы Сайрам ауданынан жеткізілген. 61 жастағы ер адам үш күн жансақтау бөлімінде жатыпты. Ақ халаттылар қажетті ем-домның барлығын жасағанымен, науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған. Ер кісі ауруханада көз жұмды.
Мамандар кене шаққан кезде оны қолмен жұлып тастауға немесе өзге адамға қолмен алдыруға болмайды деп отыр. Ондай кезде дәрігерге қаралап, маманның қадағалауымен алынуы керек. Ал егер дене қызуы көтеріліп, қанау белгілері пайда болса, шұғыл түрде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!