{metadescription}
Алматыда әйелді ұрған мопедшіге қатысты іс қозғалды

Алматыда әйелді ұрған мопедшіге қатысты іс қозғалды

Алматыда мопед жүргізушісі өзіне ескерту айтқан әйелді ұрып жіберді.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда оқиға 15 шілде күні 23:00де Әуезов ауданында болғаны айтылған, деп жазады kazinform.

Полиция департементі аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатқанын хабарлады.

— Бұл дерек бойынша жәбірленуші полицияға бүгін арызданған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мопед жүргізушісінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды, — дейді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде