{metadescription}
Үйірлі шегіртке күрес: бюджеттен 8,1 млрд теңге қаражат бөлінеді

Үйірлі шегіртке күрес: бюджеттен 8,1 млрд теңге қаражат бөлінеді

Биыл еліміздің бірқатар өңірін шегірткелер шабуылдап, егістік алқапқа қауіп төндіріп отыр, деп жазады kazinform.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірге шығынның жоқ екеніне сендіруде. Белгілі болғандай, Қазақстан аумағында үйірлі (азиялық шегіртке, итальяндық прус және мароккалық шегіртке) және саяқ шегіртке таралған. Бір ғана саяқ шегірткенің шамамен 270-тен астам түрі бар екен.

Үйірлі шегірткенің жаппай көбеюі ауыл шаруашылығы жерлері мен егістіктеріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты үйірлі шегірткеге қарсы күрес шараларын ұйымдастыруды Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық бюджет қаражатынан пестицидтерді сатып алу, сақтау, тасымалдау және қолдану қызметтері арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты.

«Үйірлі шегірткелерді өңдеу жұмыстарына бюджеттен 8,1 млрд теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 4,2 млрд бөлінсе, Үкіметтің резервінен қосымша 3,9 млрд теңге үлестіріледі. Бұл қаражаттың барлығы зиянкестерге қарсы препараттарды сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады», – деді ол.

Ал, саяқ шегірткеге қарсы күрес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Соңғы жылдары оның таралу алаңының өскені байқалды: 2020 жылы – 514 мың га, 2021 жылы – 626 мың га, 2022 жылы – 975 мың га.

2023 жылы өңдеу шаралары 1,6 млн га алаңда жүргізілсе, биыл ел аумағында үйірлі шегіртке тектестердің таралу болжамы 2,5 млн га (Ақтөбеде 784,4 мың га, Қостанайда 775 мың га, ал Түркістан өңірінде 271 мың га) құрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.