{metadescription}
Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды - ТЖМ

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды - ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды.

"Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты бақылауды жүзеге асыру үшін Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ТЖМ құрамында қолданыстағы Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің базасында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мәліметке сай, ұсынылып отырған ұйымдық штаттық іс-шараларды іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын талап етпейді. Өзгерістер ТЖМ-нің қолда бар штат саны шегінде жүргізілетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде