{metadescription}
Қырғызстанда сел ағызып әкеткен төрт адамның денесі Өзбекстаннан табылды

Қырғызстанда сел ағызып әкеткен төрт адамның денесі Өзбекстаннан табылды

Қырғызстанда селмен ағып кеткен 39 жастағы әйелдің денесі арада екі күн өткенде Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылды. Бұл жайында 24.kg ресурсынан хабарланды. 

Оның денесін көрші елдің құтқарушылары 16 шілдеде тапты, деп жазады kazinform. Мұның алдында 146 маман жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылған еді. 

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, Ош қаласы мен ауылдарда сел жүріп өткен болатын. 

Қалада төтенше жағдай жарияланды.

Тасқын «Молбұлақ» демалыс орталығында тұрып жатқан 4 адамды ағызып әкетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері, яғни 44 жастағы анасы мен 19, 10 және 6 жасар үш қызы.

Қыздардың денесі Өзбекстан аумағындағы Шахрихансай каналынан табылған. Ал анасының мәйіті Ақбура өзенінен шығарылды. 

Ош облысындағы күшті селден кейін Қарасу аудандық электр желілерінен электр қуатын алатын 7,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды.  

134 үйді су басып, 17 үйдің қоршауын қиратты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.