{metadescription}
Қазақстанда саусақ ізін тіркеудің жаңа ережелері әзірленді

Қазақстанда саусақ ізін тіркеудің жаңа ережелері әзірленді

Елімізде дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің жаңа ережелері халық назарына ұсынылды.

Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасында Қазақстан Республикасының азаматтарынан, дактилоскопиялық тіркеуден өткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпараттың не үшін жиналатыны айтылған.

- ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын растау және (немесе) анықтау;

- ҚР аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және бақылау;

- жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімі арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарды есепке алу және бақылау.

«Дактилоскопиялық тіркеудің мақсаты – дактилоскопиялық ақпарат негізінде адамның жеке басын анықтау және растау. Жеке басын анықтау дактилоскопиялық ақпараттың дерекқоры бойынша сәйкестендіруді жүргізу кезінде, жеке басын растау – нақты адамның дактилоскопиялық ақпараты бойынша верификациялау жолымен жүзеге асырылады», - делінген құжат жобасында.

Дактилоскопиялық тіркеуді ішкі істер органдары, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, шетелдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, сондай-ақ ҚР консулдық мекемелері, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.

«Дактилоскопиялық ақпаратты жинау дактилоскопиялау және тиісті ақпараттық жүйеге дербес деректерді енгізу арқылы адамның екі алақаны немесе екі қолының он саусағының папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді алуды қамтиды», - делінген ережеде.

Құжат жобасы 30 шілдеге дейін көпшіліктің талқысына ұсынылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде