{metadescription}
Жамбыл облысында 24 келіден астам есірткі тасымалдағандар ұсталды

Жамбыл облысында 24 келіден астам есірткі тасымалдағандар ұсталды

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Меркі ауданының құмды аумағында  «KIA» маркалы автокөлігінен 24 кг 160 гр есірткі тәркіледі.

28 жастағы көлік жүргізушісі құмды аймақтан Тараз қаласына қарай бара жатқан. Көліктің ішінде облыс орталығының тұрғындары – 24, 26 және 28 жастағы үш жолаушы болған, деп жазады kazinform.

«Автокөлікті тексеру кезінде көліктің жүк салатын бөлігінде жалпы салмағы 24 кг 160 грамм кептірілмеген марихуана есірткі заты салынған 4 полипропилен қапшық тәркіленді. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады. Олар Меркі ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.