{metadescription}
Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен Қабылтаева Әйгерім Жаңбыртайқызы Павлодар облысы әкімінің инвестициялар және бизнесті дамыту бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды.

Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа орынбасар кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, ветеринария және жер қатынастары басқармаларының жұмысына жетекшілік ететін болады.

Әйгерім Жанбыртайқызы 1984 жылы туған. «Бакалавр-химия» мамандығы бойынша жоғары білімі және экология магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы болып бастап, кейін облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары департаментінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде