{metadescription}
Әлеуметтік желіде мас күйде балағат сөздер айтқан тұрғын ұсталды

Әлеуметтік желіде мас күйде балағат сөздер айтқан тұрғын ұсталды

Әлеуметтік желіде арандатушылық сөздер айтылған бейнежазбатарады, деп жазады kazinform.

Онда өзін Семен Агафонов деп таныстырған адам Украинада туып, Қазақстанда тұратынын айтады. Ұлттық ар-намысқа тиетін балағат сөздер айтылған роликте Орал, Батыс Қазақстан деп көрсетілген.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған адамның Ақмола облысының тұрғыны екендігін жеткізді. Ақмола облыстық Полиция департаменті мас күйінде балағат сөздер айтқан, сондай-ақ сөйлеген сөзінде ұлттық ар-намысты қорлаған тұрғынның ұсталғанын мәлімдеді.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар балағат сөздер бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция департаменті азаматтарды сабырлы болуға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Полиция еліміздің барлық тұрғындарының мүдделерін қорғауды және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.