Алдағы үш күнге еліміздегі ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде – 2024 жылдың 18 шілдесі мен 20 шілдесі аралығында қолайсыз ауа райы сақталады.
15:39 17.07.2024
Болжам бойынша, температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді.
"Баяу қозғалатын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын сақтайды - солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді. Елімізде 19-20 шілдеде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!