Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
16:12 17.07.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,14 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 474,83 теңге.
Ұлттық банктің 17 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 474,62 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 474,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 475,9 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 473 теңге, сатып алу құны – 477 теңге.
Ресей рублі 5,25 – 5,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!