{metadescription}
Алматыдағы кәсіпкерлердің тек 42%-ы тиісті декларацияны тапсырған

Алматыдағы кәсіпкерлердің тек 42%-ы тиісті декларацияны тапсырған

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аралық қорытындыларымен бөлісті.

Биыл 1 қаңтардан бастап Алматыда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Ол заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын (қатысушыларын), жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларын қамтиды. Мегаполисте бұл санатқа 342,9 мың кіреді. 

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) 145,7 мың кәсіпкер мен олардың жұбайлары тапсырған. Бұл жалпы құжатты тапсыруға міндеттілердің – 42,5%-ы. Ал, кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) 168,8 мың табыстады. Бұл жоспарланған 204,5 мың адамның – 82,5%-ы. 

Айта кеткен жөн, 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі 2024 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады. Ал, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке құрылымдардың қызметкерлерін, үй шаруасындағы әйелдерді, зейнеткерлер мен студенттерді қамтитын төртінші кезең басталады. Бұл санаттарға 1,1 миллионнан астам адам кіреді. 

Еске салайық, белгіленген мерзімде декларацияларды ұсынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген: бірінші рет – ескерту, ал қайталған жағдайда – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде