{metadescription}
Қарқаралы тас жолының учаскесі жабылады

Қарқаралы тас жолының учаскесі жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жұлдыз айналымынан бастап «Garden Village» коттедж кентінің бұрылысына дейінгі учаскеде Қарқаралы тас жолы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті. 

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 17-21 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етіледі. 

Фото: Астана әкімдігі

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде