{metadescription}
Бұршақ және сел қаупі: Алматылықтарға ескерту жасалды

Бұршақ және сел қаупі: Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 18 шілдеде қаланың таулы аумағында қатты жауын шашын, таңертең және күндіз қалада найзағай, бұршақ, жел күтілетіні туралы хабарлады.

Найзағай кезінде жел соғып, жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетуі мүмкін, деп жазады kazinform. Сондай-ақ ТЖД баспасөз қызметі қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақта су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлады.

— 17-20 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін! Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін. Осыған орай Алматы қаласының ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді, — делінген ТЖД хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде