{metadescription}
Шығын - 40 млн теңге: Жұмысқа тұрмақ болған адамдарды алдаған екі ақтөбелік сотталды

Шығын - 40 млн теңге: Жұмысқа тұрмақ болған адамдарды алдаған екі ақтөбелік сотталды

Ақтөбе қалалық сотында 170-тен астам адамға жұмыс тауып беруге уәде етіп, қызметі үшін 50-700 мың теңге көлемінде ақша алған екі сотталушыға үкім шықты. Олардың бірі 6, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мұнай компаниясына жұмысқа тұрып, жоғары жалақы алмақ болған адамдар алданып қалды. Ақтөбе қалалық №2 соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі сотталушыға қатысты іс Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша қаралды, деп жазады kazinform.

Іс материалына сүйнсек, М және А 2022 - 2023 жылдары аралығында тұрғындарға Атырау облысында орналасқан кен орнына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыратынын айтып, сендіреді. Әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге аралығында ақша алып, нәтижесінде 172 жәбірленушіден жалпы 40 миллион теңге иемденген.

Сотталушының бірі бұған дейін де алаяқтық жасағаны үшін сотталған болып шықты. 

- Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, А 6 жыл мерзімге, ал М 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот сотталғандарды коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындады. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды,- деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде