{metadescription}

Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды – министрлік

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық және онкогематологиялық дертке шалдыққан пациенттер қажетті препараттармен уақытылы қамтамасыз етілетінін хабарлап отыр, деп жазады kazinform.

«Дәрі-дәрмекті жеткізудегі кез келген үзілісті болдырмау үшін ведомство препараттарды уақытылы қамтудың тетігін анықтады. Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталығы жұмыс істеп тұр. Орталыққа қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде