{metadescription}
Алматыда автобус жүргізушісі үйдің қоршауына соғылды, куәгерлер оның ішімдік ішкенін айтты
Әлеуметтік желіде жеке үйдің қоршауына соғылған автобустың бейнежазбасы тарады.
Фото: видеодан кадр
11:50 18.07.2024
Бейнеролик авторы үй қоршауы мен газ құбырын зақымдаған №32 автобус жүргізушісі мас екенін айтады. Аталған жағдайға қалалық Полиция департаменті түсінік берді, деп жазады kazinform.
«Бұл жол-көлік оқиғасы Түрксіб ауданында болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлады департменттен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!