{metadescription}
Атырау облысында 350 адам соттан тыс банкрот деп танылды

Атырау облысында 350 адам соттан тыс банкрот деп танылды

Биыл Атырау облысында соттан тыс банкрот деп тану үшін 3 346 адамнан өтініш түскен. Өтініш берушілердің арасынан 350 адам банкрот деп танылған, деп жазады kazinform.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Шұға Жаншаеваның айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңла үш түрлі рәсім қарастырылған. Бұл – соттан тыс және сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. 

«Қазір дәрменсіз борышкерлер тарапынан соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беру көбейіп отыр. Бұл рәсімді тек банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз бойынша қолдануға болады. Былтырғы наурыздан бері қарызы бар азаматтардан жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты арыз қабылдана бастады. Қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізілгеннен соң қарызы 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 5 млн теңгеден асқан азаматтар сот банкроттығын қолдана алады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылады. Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады», –дейді Шұға Жаншаева.

Оның айтуына қарағанда, заң жобасында банкрот деп танылған азамат 5 жыл бойы несиені рәсімдей алмайды. Оның қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізіледі. 

«Бір рет банкрот деп танылған азамат 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады. Ескеретін бір жайт, 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған. Мұндай санаттағы азаматтар үшін мүлкінің бар-жоғын тексеру және қарыз сомасына шектеулер белгіленбейді», -деп мәлім етті Шұға Жаншаева. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.