Бұзақылар «Бурабай» МҰТП аумағындағы пикник алаңын қиратып кетті
Ақмола облысында белгісіз біреулер «Бурабай» МҰТП аумағындағы пикник алаңын тас-талқан етіп қиратып, қоқыстарды шашып кеткен.
Фото: Бурабай-Даму» ЖШС-нің баспасөз қызметі
14:49 18.07.2024
«Бурабай-Даму» ЖШС-нің мәліметінше, бұзақылардың қолынан «Бурабай» МҰТП аумағындағы Үлкен Шабақты көлінің жағасында орналасқан тегін пикник алаңы бүлінген, деп жазады kazinform.
«Бұзақылар пикник алаңындағы үстелді қиратып, жағып жіберген. Орындықтарға да зақым келген. Бұған қоса, күл-қоқысты шашып кеткен. Олардың кім екені белгісіз», - деді «Бурабай-Даму» ЖШС-нің баспасөз қызметінен.
Бүлінге пикник алаңы туралы фото, видео әлеуметтік желіде де жарияланды. Онда бұзақылардың қылығы желі қолданушылардың ашуын туғызды.
«Осыны жасап отырған нағыз арыз адам. Өздері қоқысты шашып тастайды да, артынша курорт лас, тазаланбайды деп шулайды. Кәнілілерді құқық қорғау органдары тауып, аяушылық жасамай, қатаң жазалуы тиіс», - дейді желі қолданушылар.
Осы мәселе бойынша Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен Бурабай аудандық ПБ сауал жолдайтынын айтып түсіндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!